Оқыту мен оқуға өзгерістер енгізу заман талабы

Posted by

Шымкент қаласы

«Өрлеу»

біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері

.Бименова Меруерт Тилеубергеновна

Оқыту мен оқуға өзгерістер енгізу заман талабы.

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға!

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.

Ұлы Абайдың даналық сөздерінің дүниеге келгеніне қаншама уақыт өтсе де, өшпестей ұранға айналған қасиеттілігіне тіл жетпес байлық деп қастерлеп қараймыз. Иә, еңбек етеміз, жалыққан да емеспіз, біз үнемі іздену үстіндеміз, әлі де іздене береміз, іздене отырып дамимыз, жетілеміз. Өткен уақыт бізден осыны күтті, келешек бізден нені күтеді? Еткен еңбегіміздің далаға кетпесіне, біздер- мұғалімдер, ұзақ уақыт керек екендігін сабырмен, шыдамдылықпен нәтижесін көре алатындығымызға осы мамандықты таңдаған сәтте-ақ өзімізді дайындап қадам жасаған жандар болғандықтан да «қадірлі», «құрметті», «ұлағатты» теңеулерге лайықты ел үмітін арқалап табан тірей күресуден жалыққан емеспіз. Қазақстан педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы Үшінші деңгей бағдарламасын меңгеру мен зерделеу барысында «мұғалім- оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» екендігін түсінігенде, басқару мен басшылық етуі негізінде көшбасшылық қасиетімізді тани алдық. Яғни, мұғалім көшбасшы ретінде өзгереді. Өз тәжірибесіне курстан алған білімдері мен әдіс-тәсілдерін ендіріп, бағдарламаның негізгі идеяларын қамти отырып, өзгеру алға қарай бет алу, ұмтылу, даму үдерісін іске асыру керекпіз. Бұл қарапайымды күрделендіру мен күрделіні қарапайым ету

Бименова Меруерт лаззатка макала матини.doc

Добавить комментарий