Метанол, этанол.Көпатомды спирттер

Атырау облысы, Атырау қаласы,
Қ.Смағұлов атындағы орта мектептіңхимия және биология пәнінің мұғалімі
Ислямова Лязат Тем
іржанқызы

Сыныбы 9 «А»
Тақырыбы Метанол, этанол.Көпатомды спирттер
Мақсаты 1.Оқушыларды спирттер және олардағы функционалдық топ-гидроксотоптың қызметімен таныстыру;

2.Спирттердің құрамы, қасиеттері және адам организміне зияны жайлы мағлұмат беру;

3.Көпатомды спирттердің маңызды өкілдері-этиленгликоль мен глицерин жөнінде түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер 1.Спирттер туралы негізгі ақпаратты біледі;

2.Химиялық қасиеттеріне теңдеулер жаза алады;

3.Химиялық теңдеулерін есептеулерде қолдана алады.

Сабақтың түрі Кіріктірілген сабақ
Сабақта қолданыл

ған әдіс-тәсілдер

СТО әдістері, топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі сызбанұсқа, кесте, слайдтар, постерлер, маркер, парақшалар, стикерлер, қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру 1.Оқушылармен амандасу

2.Психологиялық ахуал туғызу (Сыныпты смайликтермен топтарға бөлу)

Сергіту сәті арқылы сабаққа кіріседі
Үй тапсырма

сын сұрау

Қызығушылығын ояту

«Бөшкеден шыққан басқатырғылар » ойыны (Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру)

Сұрақтарға жауап беру арқылы, өткен материалды еске түсіреді
Жаңа сабақ Мағынаны тану

Кел, танысайық! (Жаңа тақырыппен танысу)

Спирттер-молекула құрамында бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобымен алмасқан, көмірсутектердің туындылары. Спирттер құрамындағы гидроксил топтарының санына байланысты біратомды және көпатомды болып бөлінеді.Біратомды спирттердің жалпы формуласы СпН2п+1.

Қарапайым өкілдері:СН3ОН-метил спирті, С2Н5ОН-этил спирті

Көпатомды спирттердің молекуласында бірнеше гидроксил тобы болады

Көпатомды спирттердің өкілдері-этиленгликоль C2H4(OH)2 және глицерин C3H5(OH)3

Спирттерді алу жолдары:

1.Көмірсутектердің моногалогентуындыларының гидролизі:

С2Н5СІ+NаОН→С2Н5ОН+NаСІ

2.Алкендерді гидратациялау:

С2Н42О→С2Н5ОН

3.Құрамында қанты бар заттардың ашуы:

С6Н12О6→2С2Н5ОН+2СО2

Химиялық қасиеттері:

1.Жану реакциясы:

С2Н5ОН+3О2→2СО2+3Н2О+Q

2. Тотығу реакциясы:

С2Н5ОН+ [О]→СН3СОН+Н2О

СН3СОН+ [О]→СН3СООН

3.Этиленді алу:

С2Н5ОН→С2Н42О

Оқушылар жаңа сабақты мұқият тыңдайды.Қа

жетті мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады

Топтық жұмыс Ойлан, топтас, талқыла (постер қорғау)

1-топ.Этил спирті

2-топ.Этиленгликоль

3-топ.Глицерин

Оқушылар мәтінмен таныса отырып, жеке жұмыс жасайды, топ ішінде талқылайды, жұмысты топ атынан баяндамашы қорғайды
Есептер сыры

(топпен жұмыс)

Есептер шығару

Кім жылдам?

1-топ.№ 6- жаттығуды орындау

2-топ.№ 7- жаттығуды орындау

3-топ.№ 8- жаттығуды орындау

Ойлан, тап

5-жаттығуды орындау

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Есептер шығару

1-топ.№ 10-есепті шығару

2-топ.№ 11-есепті шығару

3-топ.№ 12-есепті шығару

Берілген есептерді оқушылар топпен бірлесе отырып шығарады, есепті тез орындауға тырысады
Үйге тапсырма беру 1.§53-54

2.№ 9-есепті шығару

Үй тапсырмасын жазып алады
Қорытынды

лау

Әр топқа парақшалар таратылады.

1-топ.Метанол

2-топ.Этанол

3-топ.Көпатомды спирттер

Оқушылар рет-ретімен бір-бір сөз жазып, спирттер туралы алған білімдерін қорытындылайды
Бағалау Смайликтер арқылы бағалау
Рефлексия Оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін жазу «Тілек ағашына» өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады

Добавить комментарий