ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ХАТ

Posted by

Астана қаласы
№67 гимназияның 11 сынып оқушысы Қуандық Жанайым Сүйіндікқызы

Ғылыми жетекшісі Абдыкаимова Ақылгүл Сарсенқызы

Міржақып ата, сіздің өміріңіз бен шығармашылығыңызға тәнті болып, ризашылығымды білдіруге қолыма қара сиямды алып, хат жазуға бел будым. Сіздің тәуелсіз қазақ елін көрсем деген арманыңыз орындалды. Мен сол сіз аңсаған тәуелсіз елдің ұрпағымын. Қазақ үшін, қазақтың діні, тілі, жері үшін шырылдаған сіздей өр тұлға ешкім тең келмес. Сіз мен үшін ерекше тұлғалы жансыз. Сіздің өмірлік жолыңызбен танысқанымда, сол кеңес заманының қатып қалған стратегияларына қарамастан, елдің, жердің, келер ұрпақтың қамын ойлап, ащы шындықты бетке айтып, көп зардап шектіңіз. Сіздің бұл ісіңіз біріншіден, ерлік болса, екіншіден, ұлтын шын сүйген елжандылығыңыз деп білемін. Сіз қараңғы қазақтың көзін аштыңыз, әрбір өлеңіңізді оқығанымда сол кездегі тарихқа көз жүгірткендей болдым.

Оқушы шығармашылығы Ұлы тұлғаға хат Қуандық Жана йым.doc

Добавить комментарий