Жаңа оқыту технологиялары туралы конспект

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы
Ы.Алтынсарин ШЖЖОМ информатика пәні мұғалімі
Заитова Гульмира Рахмановна

УДК37.016:002(072) Интерактивті оқыту әдісін, жаңа оқыту
технологияларын қолданудың тиімділігі

Әдістемелік құралымыздың мақсаты:

— “Білім” заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту;
— Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.
Міндеті:
— Талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу жолдарын қарастыру,оларды өсіру, әр оқушының қабілетін танып білу.

Бәсекеге қабілетті технологиялар инновациялық экономиканың өзегі ретінде өздігінен пайда бола қоймайды. Бұл ұзақ үдеріс, ғылыми зерттеулердің, күрделі де шығынды эксперименттердің және, ақыр аяғында, ғалымдардың идеялық нұрлануының қиындықпен келетін жемісі.
… егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ, біз өзіміздің технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмшалап, технологиялық және ғылыми тұрғыда дамыған елдерге тәуелділікте боламыз. Сондықтан бізге өз ғылымымызды дамыту керек.
Н.Ә.Назарбаев

Жай мұғалім – хабарлайды,
Жақсы мұғалім – түсіндіреді.
Керемет мұғалім – көрсетеді,
Ұлы мұғалім – шабыттандырады
Уильям Уорд

Жаңа оқыту технологиялары

Технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. /Академик В.М. Монахов/
Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі деген анықтама береді.
Технологиялық оқыту — өзара белсенді оқыту. Өзара белсенді режимдегі жұмыста ақпараттар ағыны оқушыға не топқа жетіп, оқушылардың жан – жүйесінде жасырын жатқан ақыл-ой қызметін белсендіреді. Ақпарат бұл жағдайда екі бағытта: мұғалімнен – оқушыға, оқушыдан мұғалімге қарай жүріп, оқушыны өзі үшін білім алушы, өзін білімдендіруші яғни субъект жағдайына қояды.

Ұжымдық оқыту технологиясы
Мақсаты:
Әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару, байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі:
Жұптық оқыту;
Топтық оқыту;
Ұжымдық оқыту;
Оқушы – оқушы
Оқушы – оқытушы
Оқушы – үйретуші міндеттерін атқарады.
Талаптары:
Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек;
Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;
Өзі оқи отырып, өзгені оқыту;
Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту.
Технологияның жүргізілуі кезеңдері:
Тапсырмаларды жаярлау кезеңі:
Берілген тапсырмамен танысу;
Шағын бөлімдерге бөлу;
Әр бөлімге ат қою;
Жоспар құру;
Жоспарға сүйене отырып; текст мазмұнын меңгерту;
Тексеру сұрақтарын даярлау.
Тапсырманы екінші оқушыға түсіндіру кезеңі:
Тақырыптың мақсаты не?
Жоспармен таныстыру;
Мазмұнын түсіндіру;
Бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу;
Өз бетінше жаттығу бойынша түсінгенін зерттеу;
Өз бетінше жаттығу жазу, тәжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі.
Тәрбиелік мәні:
Өзін-өзі басқару;
Өзін-өзі қызмет көрсету:
Жауапкершілікті сезіну;
Басқаның еңбегін бағалай білу;
Белсенділік;
Ұқыптылық;
Адалдық;
Байқампаздық ;
Зейінділік;
Ынтымақтастық;
Ұжымдылық;
Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін принципінің орындалуы.

Саралап оқыту технологиясы

Оқу үрдісіне мұғалімдердің оқушылардың білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі. Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі. Когнетивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектептер мен кластар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.
Мақсаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
Жас ерекшелігі бойынша;
Жынысына байланысты;
Қызығушылығы бойынша;
Ақыл-ой деңгейінің дамуы;
Тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
Денсаулық деңгейі бойынша.
Ерекшелігі:
Үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
Жақсы оқитын оқушының терңірек білім алуына жағдай туады;
Оқушылардың қабілеті артады;
Әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.

В.Т.Кабуш технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.

Мақсатты бағыты:
Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру;
Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру;
Азаматтық тәрбие, әлем мәдениетін, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Тұжырымдаманың негізі:
Тәрбиенің ізгіліктік жүйесі;
Тәрбиенің адамгершіліктік және демократиялық сипаты;
Тәрбиенің мақсаты + оқушылар қызметі + ізгіліктік қызметін жүзеге асыру;
Ынтымақтастық – еңбектестік – серіктестік – достық және олардың постулаттары.

Мазмұнының ерекшелігі:
Жанұялық тәрбие беру;
Жалпыадамдық мораль және мәдениетке тәрбиелеу;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату;
Азаматтық және ұлттық, әлеуметтік мәдениетке жетелеу;
Өмірге қабілеттендіру.
Әдістемелік ерекшелігі:
Тәрбие негізгі роль атқарады;
Болжаған жетістікке жету жолдарында үздіксіз, тізбекті жұмыс жүргізіледі;
Кез-келген балаға сенімділікпен қарау;
Күштеусіз, зорлықсыз тәрбиелеу;
Тұлғаны өзіне-өзінің дұрыс қарым-қатынасын орнату;
Еркіндік;
Шығармашылыққа жетелеу;
Ізгілікті ойлауға үйрету.

Іскерлік ойынының жүргізілу технологиясы.
Дайындық кезеңі:
Ойынды дайындау:
Сценариін дайындау;
Жоспар құру;
Жалпы сипаттау;
Мазмұнын меңгеру;
Материалмен қамтамасыз ету;
Ойынға кіріспе:
Проблемалық мақсат қою;
Шарттарын білу;
Топ құру;
Рольдер бөлісу;
Регламент белгілеу;
Жалпы түсінік беру;
Тиісті консультация беру;
жүргізу кезеңі:
Топтық жұмыс:
Әдебиеттермен жұмыс;
Тренинг;
Ойлану;
Ойыншылармен жұмыс;
Топ аралық жұмыс, пікірталас:
Топтардың жұмыстарын баяндауы;
Нәтижені қорғау;
Пікірталас туғызу;
және қорытындылау кезеңі:
Ойынға қорытынды жасау:
Талдау, рефлекция;
Баға және өзіндік баға;
Қорытындылау, жинақтау;
Ұсыныстар беру.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы
(Ш.А.Амонашвили бойынша)
Мақсаты:
Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.
Ерекшеліктері:
Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
Бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;
Әсемдікті , әдемілікті сезіну, қабылдау;
Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
Рухани жетілдіру;
Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.

Дидактикалық біліктерді ірілендіру технологиясы.
Мақсаты:
Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.
Ерекшелігі:
Өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
Есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;
Тура есептерді кері есептерге айналдыру;
Жүйелі де тиянақты білім беру.
Әдістемесі:
Бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгерту;
Өзара қарама-қайшы ұғымдарды салыстыру;
Тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру;
Амалдардың орындалу тәртібін реттеу.

Дамыта оқыту
Негізгі зерттеушілері: В.Занков, В.Давыдов, В.Эльконин, П.Эрдниев.
Негізгі идеясы: Оқытуды бала жан-жақты дамитындай етіп ұйымдастыру.
Дамыта оқытудың басты тұжырымдары:
Дамыта оқыту- іс-әрекеттік оқыту тәсілі.
Дамыта оқыту-даму заңдылықтарын ескеру.
Дамыта оқыту-баланы іс-әрекет субъектісі ету.
Дамыта оқыту мазмұны -теориялық ойлау.
Дамыта оқыту- мақсатты оқу іс-әрекеті.
Дамыта оқыту- оқу міндеттерін шешу.
Дамыта оқыту- ұжымдық ой қызметі, шынайы сұхбат, іскерлік қарым-қатынас.
“Дамыта оқыту” технологиясының құрылымы

Проблемалық оқыту
Негізін салушылар мен зерттеушілер: Американдық: Дж.Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы
М. Махмутов
Негізгі идеясы: Проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену.
“Проблемалық оқыту” сабақтарының типтері

Модульдік оқыту технологиясы
Негізгі зерттеушілері: Дж.Блок, Б.Блум, М.М. Жанпейісова
Мақсаты: Тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы модульдік сипатта дамыту.
Ғылыми идеясы:
1.Модульдік оқыту — іс-әрекет принципіне негізделген:
Оқушының жүйелі түрде жүргізілген белсенді іс-әрекет білім мазмұны сапалы меңгеріледі.
2.Модульдік оқыту- дамыта оқыту идеясына негізделген:
Бұл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мазмұнын саралап, оқу әртүрлі формада (жеке, топтық, жұптық) ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
3.Модульдік оқыту негізіне бағдарламалы оқыту алынған:
Бұл іс- әрекеттегі нақтылық логика, белсенділік және оқушының жұмыс мүмкіндігі, қарқыны, нәтижелерін салыстыру, өзін-өзі бақылау.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы
1.Кіріспе кезең (модульге, тарауға ену)
2.Сөйлесу кезеңі (диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру)
3.Қорытынды кезең
(бақылау, бағалау)
Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы
арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген «Оқыту -екі есе оқу»
технологиясы
Ғылымда білімді қабылдау мен қолдануды 5 деңгейге бөледі

1) Білімділік Ақпараттық деңгей.

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа
материалдың негізгі
ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. Тыңдайды,жазады,
еске түсіреді,есте сақтайды,ойлайды.
І1) Түсіну Тезаурустық деңгей (ғылыми тіл)
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін,диологтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б. Ойларын айтады,
түсіндіреді,ерекшелігін көрсетеді,сұрақтар береді. Жазады.
ІІІ) Қолдану Методикалық деңгей
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Оқушылардың алған білімін
Өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырырмалар береді.Дидактикалық құралдармен
қамтамасыз етеді.
Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа сай сөйлем құра, Проблемалық
ситуация т.б Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып,проблеманы шешу.
Кітаппен жұмыс.
ІҮ) Талдау (Анализ) Технологиялық деңгей
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді,
негізгі қасиеттерді анықтату. Топтық талқыға салады,ойланады.
Өзгелерді тыңдай отырып ,өз білімін толықтырады. Ізденеді.
Ү) Жинақтау (синтез) Зерттеушілік деңгей
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
.Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойлап табады,байланыстырады,
шығарады. Ойын түйіндейді.
Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
ҮІ) Бағалау.
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Материалдың өзі үшін керектігін,құндылығын,керекті-
сін анықтау,пайымдауға бағыт беру.
Идеялар алмасу, пікір айту.
Өзіне керектісін таңдау. Бағалайды,талқылайды. Өз пікірін айтады.
Оқушыларға Блум таксономиясының мақсаттық жүйесі бойынша нәтижеге жетуін, білім сапасын көрсететін карта.
Оқушылардың аты-жөні. Білім Түсіну Қолда
ну Ана
лиз Син
тез Баға Жалпы балл Орта
балл.

Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспарының маңызы

Мұғалімнің шығармашылығын жүзеге асыра алуының тірек қабілеттерін төмендегі
жүйелерін дамытады.
— Шығармашылық әрекет,
— Проблеманы көре білу,
— Болжай білу,
— Жаңашылдықты ендіру,
— Өз жұмысының бағдарламасын жасау,
— Рефлексиялай алу,
— Шығармашылық ойды іске асыру үшін
— идеяларды тудыра алу.
Танымдық қызмет мақсатының категориялары:
Деңгейлер Анықтама Оқушының іс-әрекеті
Білім Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды
Түсіну Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
Қолдану Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді
Талдау Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
Топтау Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады
Бағалау (сын, пайымдау) Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады

“Үшөлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы – нәтижеге бағытталған білім беру құралы
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі: біріншіден, оқушының психологиялық танымы,екіншіден, теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға көмектеседі, өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын, белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына мүмкіндік береді. “Үш өлшемді әдістемелік жүйе” педагогикалық технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған.
Ж.А.Қараев
Мектептегі педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау –міндетіміз.
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқыушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.
Ж.У.Кобдикова

Сабақтың құрылымы
Тақырыпты оқып үйренудің үш кезеңдік алгоритмі
І кезең
(5-7 минут) ІІ кезең
(20-25 минут) ІІІ кезең
(сабақтың қалған12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)
Сабақты ұйымдастыру;
Үй жұмысын тексеру; (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру)
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау 5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру; (оқытудың проблемалық әдістері бойынша)
Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау;
Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут)
Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады
Маслоу парадигмасы

ЧАРЛЗ ДЕМНІҢ ПАРАДИГМАСЫ

Оқыту әдiстемесi мен оқыту технологиясын салыстырмалы талдау
Салыстыру өлшемі Оқыту әдістемесіне тән белгілер Оқыту технологиясына тән белгілер
Мақсаттылық Оқушылардың ақырғы мақсатты жете түсінбеуі Оқушылардың ақырғы мақсатты жете ұғынуы
Тұжырымдамалылық Мұғалімнің теорияны субъективті түсіндіруі Ғылыми негізделген теорияға сүйену
Жүйелілік Жүйелілік міндетті емес Оқытудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістемесін, амалын жоғары деңгейде жүйелі пайдалануы мен жобалауы
Диагностикалық Мұғалім қоятын талап деңгейіне байланысты Ғылыми объективті көлемдермен негіздеу
Оқыту сапасына кепілдік Мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты Тұрақты жоғары
Жаңашылдық Көбіне тактикалық (әдістемелік) сипатта болады Стратегиялық (іс-әре-кеттік) сипатта болады

«Педагогикалық шеберханалар технологиясы»
Шеберхана – оқыту процесін ұйымдастырудың өзгеше бір түрі (формасы).
Бұл оқу процесінің өзгені түрі, Француз ғалымдары (психологтар, педагогтар, философтар) ұсынған. Оның негізін құраушылар: П.Ланжевский, Анри Валлон, Жан Пиаже және т.б.
Негізгі идеясы белгілі педагог Я.Каменский идеясы мен жақын, яғни «пәлсәнәні» тарату адамзатты дамытып жетілдіруі де, соғыс өртін жояды – дейді. Қоғамды дамытуға, тек білім беруді терең түбірімен өзгерту арқылы ғана жетуге болады деп есептейді.
Педагогикалық шеберханаларды ұйымдастыру қағидалары:
— Мастер барлықтары үшін ашық, еркін шығарамшылық қарым-қатынас атмосферасын тудырады.
— Тақырыпты меңгеруде оқушының жке қызығушылығын оятып, оның сезімдеріне назар аударады.
— Мастер өзгелермен бірдей жұмыс істейді.
— Жауап беруге асықпайды.
— Қажет ақпараттарды шағын дозамен беріп отырады.
— Бала еңбегін бағалауда әдеттегі бағалау қабілеттерін дамыту үшін еңбектерін ашық көрсету әдісін пайдаланады (оқушыны өзін-өзі түзетуге, өзгертуге мүмкіндік алады).
Технологияның алғы шарттары:
— Баланың білімді өз тәжірибесімен ұштастыра отырып алу, яғни білімді оның генезисі мен құрылымын зерттеу арқылы өздігінен ашып жетуі.
— Мастер басқаруымен және ұйымдастыруымен белгілі бір қағидаларға сүйеніп отырып, барлықтарының да өз білімін өздері бірлескен әрекет нәтижесінде құра алатындығына иландыру (сендіру)
— Педагогикалық шеберхана ерекшелігі: ұстаз әңгімелеуші, баланың мүмкіндіктерін, қабілеттерін көріп, бағалай білуге жетекттеуші, нұсқаушы роліне көшеді. Бала өзінің біліміне негіздей отырып жаңа дүниені ашуға жетеді. Өзінің «Я» сезіміне жетеді.
Шеберханада жұмыс істеу кезеңдері:
— «Индукция» (ой қозғау)
— Жинақтау (самоконструкция)
— Топта талдау (социоконструкция)
— Әлеуметтендіру (Социализация)
— Жария ету (Адаптирования)
— Презентация дайындау
— «Ескі мен жаңа байланысы» (разрыв)
— Рефлекция

Реклама