Реклама

Интернет ережесі

Интернетте жұмыс істеу үшін Ұстаздарға арналған ұсыныстар

  1. Интернетте тіркелуде жауапкершілікті болыңыз. Жеке тұлға ретіндегі статус пен ұстаз ретіндегі статусты шатастырмаңыз
  2. Блогка, әлеуметтік желілерге ыңғайсыз пікірлер жазбаңыз

  3. Интернет қолданудың өзіндік ережелерін қалыптастырып, сол бойынша әрекет етіңіз және оқушыларды да сол бойынша үйретіңіз

  4. Жеке отырыстардың суреттері немесе басқа да ыңғайсыз суреттер жарияламаңыз

  5. Интернет тәрбиелеу ортасы емес, ол техникалық ақпараттарды қолдану ортасы, сондықтан оқушыларды Интернетті сауатты пайдалануды үйретіңіз

  6. Өкпе, реніш, ұрсу формасында сөздер қолданбаңыз және қолдану арқылы белгілі нәтиже болатынына үміттенбеңіз

  7. Өзіңіздің жеке ережелеріңіз болсын

45minut.kz редакциясымен жұмыс істеу үшін Ұстаздарға арналған ұсыныстар

  1. Сабақты белгілі форма бойынша қолданып жіберіңіз. Сол кезде суреттер де, презентациялар да барлығы жарияланады.

  2. Күнделікті жүздеген сабақтар жарияланатындықтан 45minut.kz порталының алғашқы бетінен өз сабағыңызды таба алмауыңыз мүмкін. Сабағыңыз материалдар жинағында.

  3. Сабақ іздеу үшін GOOGLE іздеу порталын пайдаланыңыз

  4. Авторлық құқық бұзылғанын байқап, түзетуді қаласаңыз Редакция почтасына хат жіберіңіз. Тиісті шешімі қабылданады

  5. Редакция қызметкерлерімен байланыс жасағанда нақты және сыпайы болыңыз. Бұл екі жақтың нервіленбей шаруаның оңынан шешілуіне әсер етеді.

  6. Өтініш: Редакцияның байланыс телефондары Занят немесе Өшірулі болса ренжімеңізші. Біз байланыстамыз, уақыт және жұмыстың ретімен хабарсыз болғанымыз Сіз сияқты Ұстаздармен сөйлесудеміз. Сізге де өз кезегімен жауап береміз.

  7. Ең бастысы, Сіздер Бізбен, Біз Сіздермен әрқашанда біргеміз

Реклама

8 комментариев к записи «Интернет ережесі»

  1. Сонда сабақты шығару үшін 5000 теңге, сертификат алу үшін тағы 2000-3000 теңге төлеу керек пе?

    1. Сайтқа сабақ жариялау тегін. Сертификат әзірлену, жеткізу ақылы. Ал 5000 теңге деген ол газетке материал жариялау үшін.

      1. Құрметті ұстаздар!Барлықтарыңыз 45 минут газетіне бір жылға жазылсаңыз,бір жыл бойы газет бетіне тегін жұмыстарыңыз жарияланады.Газет ұжымына сәттілік,зор денсаулық тілеймін

    1. Банкте юридическое лицо деп айту керек. Редакция счеты юридическое лицо деп есептеледі. Кейбір банктерде частное лицо деп таңдап қателеседі.

  2. Саламатсыз ба? Маған бұл сайттың құрылымы өте ұнады. Бірақ логопедия саласынан материалдар жоқтың қасы екен. Сол жағынан кішкене көмек болса жас мамандарға. Өтініш

  3. Сіздерге қалай тіркелемін? Маған ашық сабақты жүктеу керек еді

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

%d такие блоггеры, как: